Иран Парсы шығанағының қауіпсіздігі үшін көршілес елдермен серіктестікке әзір
(last modified Sat, 28 Dec 2019 10:58:37 GMT )
Жел 28, 2019 16:58 Asia/Almaty
  • Иран Парсы шығанағының қауіпсіздігі үшін көршілес елдермен серіктестікке әзір

Иран СІМ Зариф Иран, Ресей, Қытай ортақ жаттығуларының басталғанына тоқталып, Теһранның Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін серіктестік жасауға әзір екенін мәлімдеді.

Мохаммад Джавад Зариф жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында Иранның "Ормұз бұғазының бейбітшілігі" жобасын жүзеге асыруды қуаттап: "Иран, Ресей мен Қытайдың Оман теңізі мен Үнді мұхитындағы ортақ жаттығуы біздің маңызды су жолдарының қауіпсіздігін сақтау міндетімізді көрсетеді", - деп жазды. Азияның батысы аймағында кикілжіңдердің артуы мен Америка мен одақтастарының әрекеттері мен олардың Иранға қарсы қайта-қайта айып тағуына байланысты  Хасан Рухани қыркүйектің 25 күні БҰҰ бас ассамблеясында жасаған баяндамасында Иранның аймақтық және халықаралық ұстанымдарын мәлімдеп, "Ормұз бұғазының бейбітшілігі" немесе "Үміт коалициясы" жобасын ұсынды.

 

Тегтер