Рухани: Иран әрдайым Катардың жанынан табылады
ИИР Президенті: "Батыс Азия аймағының кейбір елдері Катарға шектеулер қойды, бірақ Иран тату көршілестік принциптері аясында Катардың жанынан табылды. Болашақта да осылай болады",-деді.
Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Санимен өткізген ортақ баспасөз отырысында: "Қазіргі таңда екі елдің саяси қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде. Қос тарапта сауда-экономикалық және ғылыми байланыстарды дамытуға қажетті көптеген әлеуеттер бар",-деді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, алдағы бірнеше айда ек елдің ортақ комиссиясының құрылатынына тоқталып, қос тараптың барлық салалар бойынша коммерциялық, инвестициялық және технологиялық әріптестік жасау туралы келісім жасай алатынын айтты.
Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Сани де баспасөз отырысында Иран Президентінің Катарға қатысты ұстанымына алғыс айтты.
Катар әмірі бүгінде барлық дағдарыстар мен қиындықтардың шешім жолын диалог деп атады.