Венесуэла Сыртқы істер министрі: АҚШ-тың сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекеті – қиянат
Венесуэла Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетін қиянат деп атады.
Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреас сейсенбі күні елінің Теһрандағы елшілігінде өткізген баспасөз отырысында Иран қарулы күштерінің, әсіресе сардар Ғасем Солейманидің рөліне құрмет білдіріп, АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін айыптады. Венесуэла Сыртқы істер министрі сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкция салған біржақты әрекетін сынап, Венесуэланың Иранмен жан-жақты қарым-қатынасын кеңейткісі келетінін қуаттады. Ол Иранның шетелдік санкциялармен қарсыласу тәжірибелеріне тоқталып: «Иран жылдар бойы санкциялармен бетпе-бет келіп отырғандықтан оларды айналып өтуде көптеген тәжірибеге ие»,- деді.