Қаң 30, 2020 20:55 Asia/Almaty
  • Раиси:

Иранның Сот органының басшысы: "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоба халықаралық заңдарға қайшы және зұлымдық пен басқыншылықты нығайтуға бағытталған алдарқатушы тәсіл",-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап: "Палестина халқына зұлымдық пен басқыншылық жасауға негізделген "Ғасыр мәмілесі" жобасы сионистерге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелмейтінімен қатар басып алынған Палестина жерінде тынышсыздықтың одан ары өршуіне себеп болады",-деді.

Раиси тарихтың әділетпен жауласудың әділет қылышын өткірлей түсетінін дәлелдегенін айтып: "Америкалықтар Палестина халқы мен аймақтың басқа халықтарының ашу-ызасынан бұрыннан бетер қорқуы керек. Олар әділеттің Палестина халқының барлық құқықтары қамтамасыз етіліп, сионистердің басқыншылығы толық тоқтатылуынан басқа жолмен орнамайтынын білуі керек",-деді.

Тегтер