Велаяти: Сионистер мен америкалықтар аймақтан шығады
(last modified Fri, 31 Jan 2020 11:57:50 GMT )
Қаң 31, 2020 17:57 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «Ғасыр мәмілесін» исламдық жерлерді сату және бөлшектеу жобасы деп атап, Трамп пен Нетаньяхудың бұл әрекетінің крест соғыстарының жалғасы екенін қуаттады.

 

Әлиакбар Велаяти бейсенбі күнгі баспасөз отырысында АҚШ пен сионистік режимнің бұл әрекетіне қатысты реакциялардың осы кезде сионистік режимге палестиналықтардың бұрын-сонды болмаған бірлігінің белгісі деп тоқталып: «АҚШ пен сионистік режимнің қияли түсі олардың аймақтан шығуына айналады. Кейбір араб елдері өкілдерінің бұл жобаның жариялау рәсіміне қатысуы аталмыш жобаның іске асырылуының кепілі емес. АҚШ-тың ұқсас жобаны жариялауы бірінші рет емес, бұдан бұрын Кэмп және Мадрид келісімі ұсынылды, бірақ ешқайсы нәтиже бермеді. Палестина халқы қырағылығымен қарсыласу шебінің алғашқы қатарында. Басқа мемлекеттер оны қолдайды»,- деді.                                                                                                           

 

Тегтер