Ақп 04, 2020 18:59 Asia/Almaty
  • Иранның Сот билігі АҚШ-тың

Иранның Сот билігі халықаралық форумдарда АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасының құқықтық тұрғысы жөніндегі мәселені көтеретінін хабарлады.

Ғұламхосейн Исмаили сейсенбі күні Теһранда журналистердің алдында "Ғасыр мәмілесін" басқыншылықты ресми қабылдау деп тауып: "Бұл жоба мұсылман және тіпті мұсылман емес палестиналықтардың егемендігін және өз тағдырын шешу құқығын бұзу",- деді. Исмаили АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ОББ) бірақатар тыңшыларының ұсталып, олардың өлім жазасының расталғанына тоқталып: "Тыңшыларды мәлімет жинап, Ислам республикасына соққы беру үшін пайдалану АҚШ үкіметінің Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің бірі. Соңғы кезде Иранда қайырымдылық ұйым түрінде әрекеттенген ОББ-ның екі тыңшысы анықталып, тыңшылық қылмысына байланысты 10 жылға және ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекеттенгені үшін 5 жылға қамалды",- деп қосты.

 

Тегтер