Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына алғыс айтты
(last modified Sun, 23 Feb 2020 09:17:36 GMT )
Ақп 23, 2020 15:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына алғыс айтты

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының сайлау деген ірі емтиханда жарқырай көрініп, дұшпандардың жан-жақты жарнамасын сәтсіздікке ұшыратқанына алғыс айтып: «Дұшпандардың елдің түрлі органдарына соққы беруге бағытталған қастандығына қарсы тұру үшін бәріміз қырағылық сақтап, қорғануға дайын болуымыз керек»,-деді.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні таңертең фикһтен тыс дәрісті бастар алдында бөгде елдердің жарнамалық аппараттарының халықты сайлауға қатыстырмау үшін теріс кеңістіктер тудырғанына тоқталып: «Теріс жарнама бірнеше ай бұрын басталып, сайлауға жақындағанда үдей түсті. Соңғы екі күнде олардың ақпарат құралдары халықты сайлауға барғызбау үшін бір ауру мен вирусты мұрсат ретінде пайдаланудан аянып қалмады»,-деп еске салды.  

Ислам революциясының жетекшісі теріс жарнамаға қарамастан, халықтың сайлауға кең түрде қатысқанына шүкірлік етіп: «Алла бұл халықтың жеңуін қалады»,-деді.

Аятолла Хаменеи ислам республикасы жүйесінде сайлау өткізудің діннің азаттық пен демократияға қарсылығы туралы дұшпандық уәждерді жоққа шығаратынын айтып: «Ислам республикасындағы сайлау діннің демократияны жан-жақты әрі толық қолдайтынын көрсетеді. 41 жылдың ішінде 37 сайлау өткізу исламдық жүйенің демократиялық жағдай қалыптастыруға бар күшін салып жатқанын білдіреді»,-деді.