Зариф: АҚШ - COVID-19 вирусына қарсы әлемдік күрестің кедергісі
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларының күшін жою саласындағы әлемдік талпынысқа алғыс айтып: «АҚШ - COVID-19 вирусына қарсы әлемдік күрестің кедергісі»,- деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында: «Әлем үшін практикалық және этикалық әрекеттер қажет, сондықтан бұл мәселені шешетін жалғыз жол Жалғыз шешім АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы табандылық білдіру»,- деп жазды. Зариф бұдан бұрын да Бразилияның Folha de S.Paulo газетіне берген сұхбатында: «АҚШ-тың медициналық терроризмы әлемге таралған ауруға әсерлі қарсы тұруға кедергі болуда»,- деді.
Өткен апталарда коронавирустың әлем елдері мен Иранда таралуынан кейін әртүрлі мемлекеттер, олардың ішінде Түркия, Ресей, Пәкістан және Қытай басшылары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкцияларын алып тастауды талап етті.