Рухани: Бұл жер Нью-Йорк немесе Вашингтон шығанағы емес, Парсы шығанағы
Сәу 29, 2020 16:54 Asia/Almaty
ИИР Президенті сәрсенбі күнгі Үкіметтің отырысында «Парсы шығанағы» ұлттық күнімен құттықтап: «Америкалықтар жағдайды түсініп, Иран халқына қарсы күн сайын қастандық жасауды тоқтатуы керек»,- деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иран халқының Парсы шығанағы суларын қорғауы әрқашан сәтті болғанын қуаттап: «Иран қарулы күштерінің жауынгерлері әрдайым Парсы шығанағын қорғады және келешекте де қорғайды»,- деп қуаттады.