Maм 22, 2020 20:20 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі бүкіл Палестина жерінде күресті кеңейтіп, жалғастыру қажеттігін айтып: «Сионизм вирусының ұзаққа созылмайтыны анық. Жастардың иманы, қайраты мен талпынысының арқасында "вирус" бұл аймақтан жойылады»,-деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөйлеген сөзінде Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Палестина үшін күресте жаңа тараудың ашылғанын, қарсыласу қозғалысының қалыптасқанын  және күш-қуат теңгерімінің күрескерлер жағына өзгергенін айтып, қазіргі ұлы, қасиетті күресті жалғастыру үшін 7 маңызды кеңес берді:

«Палестина мәселесін тек бір палестиналық немесе араб мәселесі деп шектемеу», «Палестинаның «теңізден өзенге» дейінгі жерін азат ету және палестиналықтарды өз отанына қайтару», «Батыстың залым алпауыттары мен аймақтағы оларға бағынышты кейбір арсыз елдерге сенуден бас тарту», «ислам әлеміндегі қайратты жастардың талап-тілектеріне құлақ асу», «зиян тигізетін және жазым ететін шындықтармен күресу», «бүкіл Палестина жерінде күресті кеңейтіп, жалғастыру» және «барлық палестиналық діндер мен қауымдар өкілдерінің қатысуымен референдум өткізу».

Аятолла Хаменеи, сондай-ақ,  Құдс шәһидтерін, соның ішінде шейх Ахмад Ясин, Фатхи Шақақи және сейіт Аббас Мусавиден бастап қарсыласу қозғалысының ұмытылмас тұлғасы әрі исламның ұлы сардары шәһид Қасым Солеймани мен  Ирактың ұлы күрескері шәһид  Абу Махди әл-Мохандес пен басқа да шәһидтерді еске алып: «Палестинаны басып алу оқиғасы мен сионистік «обырдың» қалыптасуына басты жауаптылар – Батыс елдері мен солардың зұлым саясаттары. Сионистік жүйе мен сионизм міндетті түрде жойылуы тиіс»,-деді.

 

Тегтер