Рухани: Иран ғылым саласында әлем бойынша он бесінші орында
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i47051-Рухани_Иран_ғылым_саласында_әлем_бойынша_он_бесінші_орында
ИИР Президенті Хасан рухани коронавируспен күрес саласындағы медициналық персоналдың ғылыми-зерттеу жетістіктерін қуаттап: «Иранның медицина саласының қызметкерлері әрқашан мақтан тұтуға лайық болды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 06, 2020 19:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран ғылым саласында әлем бойынша он бесінші орында

ИИР Президенті Хасан рухани коронавируспен күрес саласындағы медициналық персоналдың ғылыми-зерттеу жетістіктерін қуаттап: «Иранның медицина саласының қызметкерлері әрқашан мақтан тұтуға лайық болды»,- деді.

Хасан Рухани коронавируспен күрес ұлттық штабының отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран ғылым саласында әлем бойынша он бесінші, Батыс Азия аймағы мен ислам әлемінде бірінші орында»,- деді. Рухани сөзінің жалғасында елдегі коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеу үшін қолданылатын екі дәріге назар аудартып: «Елдің денсаулық сақтау саласының жұмыстары бұл аптада үшінші кезеңіне өтіп, әлсіз топтарға көбірек көңіл бөлініп жатыр»,- деді.