Рухани: Иранда өндіріс мөлшері шамамен 12 пайызға артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i47139-Рухани_Иранда_өндіріс_мөлшері_шамамен_12_пайызға_артты
ИИР Президенті Рухани өткен екі айда ел өндірісінің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салаларында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10-12 пайызға көтерілгенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 13, 2020 16:13 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранда өндіріс мөлшері шамамен 12 пайызға артты

ИИР Президенті Рухани өткен екі айда ел өндірісінің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салаларында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10-12 пайызға көтерілгенін мәлімдеді.

Хасан Рухани сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында ел өндірісінің алға ілгерілеуі мен Иран экспортының жақсы деңгейге жеткеніне тоқталып: «Коронавирустың әлемге әкелген қиындықтарына қарамастан Иран бұл қоқан-лоққыны мұрсатқа айналдырды»,- деді. Рухани, сондай-ақ, коронавирустың мұнайдан тыс экпортқа тигізген әсеріне назар аударып: «Өткен екі аптада Иранның батыс, шығыс, оңтүстік және солтүстіктегі көршілес елдермен дарбазалары ашылып, мұнайдан тыс тауарлардың экспорты артты»,- деді.