Иран алтыншы имамның шәһид болған күнін аза тұтып жатыр
Маусым 17, 2020 22:13 Asia/Almaty
Исламдық Иранның түрлі қалалары алтыншы имам хазірет Джафар Садықтың (ғ.) шәһид болған күнін аза тұтып жатыр.
Бүгін, сәрсенбі 2020 жылдың 17 маусымы, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1441 жылдың шаууал айының 25-жұлдызы – алтыншы имам Джафар Садықтың (ғ.) шәһид болған күні.
Биыл коронавирустың таралуына байланысты мүміндер сегізінші имамның кесенесін зиярат етіп, тәу ету мүмкіндігінен айырылды. Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесінде имам Садықтың (ғ.) шәһид болған күнін атап өтуге арналған бағдарлама студия форматында өтті.