Иранның АҚШ-қа қатысты саясаты бұл елдегі саясаткерлердің билікке келіп-кетуінен өзгермейді
(last modified Tue, 03 Nov 2020 15:43:30 GMT )
Қар 03, 2020 21:43 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың шектен тыс талап етушілігіне қарсы тұруға бағытталған рационалды саясатқа тоқталып: «ИИР-ның жіті ойластырылған саясаты АҚШ-та адамдардың билікке келіп-кетуінен өзгермейді»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні теледидарда тікелей эфирде сөз сөйлеп, барша мұсылмандарды Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) мен имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күндерімен құттықтап, АҚШ режимінің жағдайын көруге тұрарлық деп атап: «Қазір ел билеп тұрған және сайлау өткізуге жауапты басшы АҚШ-тағы сайлауды қабылдауға тұрарлық сайлау деп атайды, ал оның бәсекелесі Трамптың кең түрде заңбұзушылық жасауды көздеп отырғанын айтады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бұл жағдайды либерал демократияның сиықсыз келбетінің бір үлгісі деп атап: «АҚШ-та билік басына кім келсе де, қазіргі жағдай бұл елде саяси, азаматтық және ақлақтық ауытқушылықтардың барын көрсетіп отыр. Мұндай саяси жүйе ақырында құлдырап, жойылады»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың Иранның исламдық жүйесімен жауласуының басты себебін Иранның зұлым саясатқа көнбеуі және олардың үстемдігін ресми түрде танымауы деп атап: «Жауластық жалғаса береді. Оны жоюдың жалғыз жолы мынау: АҚШ Иран үкіметі мен халқына ауыр соққы беру қиялынан бас тартуы тиіс»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі Армения мен Әзірбайжан арасында жүріп жатқан соғысқа тоқталып, оны аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіретін ащы оқиға деп атап: «Бұл әскери қақтығыс тез арада тоқтатылуы тиіс. Әрине Армения тарапынан басып алынған әзірбайжан жерлері азат етіліп, Әзірбайжанға қайтарылуы тиіс»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бұл жерлерде армяндардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, екі ел тарапынан халықаралық шекаралардың сақталуы қажеттігін айтып: «Сенімді дереккөздерінің хабарлауынша, лаңкестер аймаққа енген. Олар Иранның шекарасына жақындамауы тиіс. Егер жақындаса, оларға тиісті қатынас көрсетіледі»,-деді.

Тегтер