Рухани: АҚШ-тың болашақ үкіметі заңдарға бағынуы керек
Қар 07, 2020 16:15 Asia/Almaty
ИИР Президенті елге санкция енгізушілердің жолының дұрыс болмағанына тоқталып: «АҚШ-тың болашақ үкіметі заңдарға бағынуы керек»,- деді.
Рухани сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында Иран халқының Ақ үй басшыларының экономикалық терроризіміне қарсы табандылық білдіргеніне алғыс айтып: «Санкция енгізушілер ешбір жағдайда мақсатына жете алмайтындарын түсінген болар және бұл тәжірибеден сабақ алып, заңға бағынып, өз міндеттемелеріне қайтып оралар. Иран халқы қарсыласу және сабырлығымен қарсы тарапты заң мен ережелерге бағынуға мәжбүрлейді»,- деп мәлімдеді.