Рухани: Иранның саясаты - халықтардың құқыларын құрметтеу және біржақтылықты тоқтату
Қар 11, 2020 17:06 Asia/Almaty
ИИР Президенті аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, ұлттардың құқықтарын құрметтеуді, елдердің ішкі істеріне араласпауды, терроризммен күресті, біржақтылықтың аяқталуын, келісімдерге табанды болуды және сындарлы өзара әрекеттесуді Теһранның өзгермейтін саясаты деп бағалады.
Рухани үкімет отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың билігінің уақыты аяқталып келе жатқан үкіметінің бүкіл саясатында Ираннан алшақтағанына тоқталып: «Иран саясатының негізі әлеммен сындарлы өзара әрекеттесу болып табылады және қақтығысты бастаған адамдар өздері шетке шығуы керек»,- деді.