Иран үкіметі коронавируспен күресу үшін жаңа шаралар қолданады
(last modified Sat, 14 Nov 2020 10:31:40 GMT )
Қар 14, 2020 16:31 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі коронавируспен күресу үшін жаңа шаралар қолданады

ИИР Президенті үкіметтің коронавируспен күреу үшін бүкіл мүмкіндігін қолданып отырғанына тоқталып, онымен күресу үшін жаңа шаралар қолданатынын хабарлады.

 

Рухани коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында шектеулерді күшейтуді және жиындар мен қарым-қатынасты мүмкіндікке қарай азайту қажеттілігін қуаттап: «Бұл салада осы аптада қорытынды шешім қабылданып, 21 қарашадан елдің түпкір-түпкірінде іске асырылады»,- деді.

Иран Денсаулық министрлігінің мәліметінше, кеше жұмаға дейін елдегі коронавирусқа шалдыққандардың саны 738322 адамға жетті, олардың ішінде 40580 адам қаза болды және 546642 науқас жазылып ауруханалардан шықты.

 

Тегтер