Рухани: Экономикалық соғыстағы Иран халқының қарсыласуы нәтижеге жетті
Қар 17, 2020 19:14 Asia/Almaty
ИИР Президенті халыққа қарсы дұшпандардың экономикалық соғысына тоқталып: «Дұшпанның бұрын-соңды болмаған екі жарым жылдан астам уақыттағы экономикалық соғысына қарсы Иран халқының қарсыласуы нәтижеге жетті»,- деді.
Рухани экономикалық үйлестіру штабының отырысында елдің даму бағдарламаларын жалғастыруын, өндірісті дамыту мен халықтың және аз қамтылған топтың тұрмысын жақсартуды қуаттап: «Дұшпанның қастықтарына қарамастын Иран үкіметі халықтың қолдауы және ынтымақтастығымен санкция енгізушілерге сұм мақсаттарына жетуге рұқсат етпеді және Иран халқының экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік тудырды»,- деп мәлімдеді.