Иран Еуразия нарығындағы үлесін арттыруға талпынуда
Қар 20, 2020 15:37 Asia/Almaty
Иран «Халал» логотипімен өнім шығаратын 1500-ден астам компаниясымен Ресей мен Еуразия елдеріндегі халал саудасының үлкен үлесіне ие бола алады.
Халықаралық Исламдық сауда ассоциациясының президенті Марат Кабаев Ресейдегі ИИР елшісімен видеоформатта өткен кездесуде халал өнімдер саудасы, экспорты мен импортын дамытуды қуаттады. Халықаралық Исламдық сауда ассоциациясы Ресейдегі кәсіподақ, оның негізі исламдық сауда, халал өнімдеді өндіру, экспорттау және импорттау болып табылады.
Ресейдегі Иранның елшісі бұл кездесуде Исламдық сауда ассоциациясының халал азық-түлік өндіруге негізделгеніне тоқталып: «Иран 1500 халал өнімімен бұ ассоциациямен жақын ынтымақтастық ете алады»,- деді.
Тегтер