Иран Жоғары сотының төрағасы: Иран халқына қысым шығынсыз болмайды
(last modified Mon, 07 Dec 2020 14:25:32 GMT )
Жел 07, 2020 20:25 Asia/Almaty
  • Иран Жоғары сотының төрағасы: Иран халқына қысым шығынсыз болмайды

Иран Жоғары сотының төрағасы Иран халқына қысымның шығынсыз болмайтынын айтты.

Раиси Иран Мәжілісіндегі өкілдерге Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимылдар заңын бекітіп, дұшпандарды келісімдер мен келісімшарттардағы міндеттемелерін орындауға мәжбүрлегеніне алғыс айтып: «Иран халқына қысым шығынсыз болмайды. Шығындар өтелуі тиіс»,-деді.

Иран Жоғары сотының төрағасы еуропалықтардың АҚШ-қа жақтасып отырғанына және немістердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымдарына тоқталып: «Еуропаның АҚШ-қа жақтасуы еуропалық елдердің саяси тәуелсіздіктің орнына америкалықтардың жетегінде жүруді қалап отырғанын көрсетеді»,-деді.  

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі өткен апта сейсенбі күні «Иран халқының құқықтарын қорғауға және санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимылдар» жобасын бекітті.

 

Тегтер