Иран Президенті Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
(last modified Wed, 16 Dec 2020 09:32:20 GMT )
Жел 16, 2020 15:32 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ИИР Президенті Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірлескен күш-жігермен және бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, екі елдің арасындағы барлық саладағы достық қарым-қатынастың одан сайын арта түсетініне үміт білдірді.

 

Иран Президенті баспасөз қызметінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, ИИР Президенті Хасан Рухани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберген жодауында Қазақстанның үкіметі мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, соңғы жылдарда екі ел арасындағы қатынастардың екі ұлттың мүддесіне сай дамып, тереңдей түскенін қуаттады. ИИР Президенті Иран мен Қазақстанның аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік және исламдық ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы  міндеттері мен мүдделерінің ортақ екеніне тоқталып, екі ел арасында әртүрлі деңгейдегі үздіксіз кеңесулер өткізуді қажет деп тапты.

Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялады.

 

Тегтер