Адам құқығы – Батыстың Иранға қысым көрсету құралы
(last modified Fri, 18 Dec 2020 16:00:00 GMT )
Жел 18, 2020 22:00 Asia/Almaty
  • Адам құқығы – Батыстың Иранға қысым көрсету құралы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы қарарды қабылдауын заңсыз деп тауып: «Иранға қарсы қарарды ұсынушылар халықаралық ұйымдарды құрал ретінде пайдаланады»,- деді.

 

Саид Хатибзаде бейсенбіде Канаданың ұсынысымен және еуропалық мемлекететр және Израильдің қолдауымен Бас ассамблеяда бекітілген Иранға қарсы қарарға реакция біліріп: «Канада үкіметі мен бұл қарарға қатысты басқалардың әрекеті - адам құқығы мәселесін өздерінің саяси ұстанымдарын алға ілгерлету үшін қолдануларының анық үлгісі. Бұл айыпталатын әрекет»,- деді. Канада ұсынған Иранға қарсы қарар  80 дауыспен Бас ассамблеяда  бекітілді. БҰҰ-ға мүше 115 мемлекет қарарды қолдамады. Бұл БҰҰ-ға мүше елдердің көбінің адам құқығы мәселесіне екіжүзділік білдіретінін көрсетеді. Адам құқығының бұзылуын сылтауратып, Иранға қысым көрсету Иранға экономикалық санкция салу, дәрі-дәрмекке эмбарго енгізу мен ирандық басшыларды террор ету адам құқығын бұзу болып табылады. Бірақ Батыс мемлекеттері бұл мәселеге үнсіз қалып отыр. Бас ассамблеяда Иранға қарсы қарарды қабылдаушылардың өздері  адам құқығын бұзып,  басқа елдерге әскери араласып, Батыс Азия аймағындағы кейбір елдерге қару-жарақ сатады. Батыстың Йемендегі адамзатқа қарсы қылмысқа үнсіз қалуы, кейбір араб елдеріне қару-жарақ сатуы және бұл қаруды Йемен халқын өлтіруге қолдануы Батыстың адам құқығы мәселесіне байланысты екіжүзді көзқарасының айқын көрінісі. Батыстың адам құқықтары мәселесіне деген көзқарасының тарихын зерттеу Еуропа және АҚШ елдерінің мүдделеріне қауіп-қатер төнген кезде, олар адам құқықтары туралы заңды өздерімен келіспейтін елдерге қысым жасау мүмкіндік ретінде қолданатынын көрсетеді. Батыстың бұл қисынсыз әрекеттері әлемдегі адам құқығы ахуалын ілгерілетуге көмектеспейді. Керісінше кейбір батыс елдерінің   тәуелсіз елдерге қарсы қысым көрсету саясаттарын жалғастыруына себеп болады.

 

Тегтер