Рухани: Ұлттық мұнай-химия жобаларын ашу – Иран халқының қарым-қабілетінің белгісі
(last modified Thu, 24 Dec 2020 12:52:41 GMT )
Жел 24, 2020 18:52 Asia/Almaty

ИИР Президенті ирандық жас мамандар тарапынан ұлттық мұнай-химия жобаларының ашылуын Иран халқының қарым-қабілетінің белгісі әрі әлемдік үстемшілдерге үлкен соққы деп атады.

Хасан Рухани бейсенбі күні «Өндірістік серпіліс» ұлттық қозғалысының 38-ші аптасында Илам, Батыс Әзірбайжан және Хамадан облыстарында 3 мұнай-химия жобасының бейнеконференция арқылы ашылу рәсімінде: «Санкция кезінде бүкіл Иран бір үлкен экономикалық шеберханаға айналды. Бұл қозғалысқа бүкіл халық қатысып, белсендік танытты»,-деді.

Рухани экономикалық соғыстың аяқталғанын және осы соғысты басқарған адамның саяси ғұмыры соңына келіп қалғанын айтып: «Тарихта абырой-айбынын сақтап қалғандай Иран халқы бұдан былай да әрдайым ғұмырлы әрі мерейлі болып қалмақ»,-деді.

Тегтер