Зариф Трамп үкіметіне ескерту жасады
Парсы шығанағы аймағы мен америкалықтардың соңғы әрекеттерінен кейін Иранның Сыртқы істер министрі: «Ирактан түскен ақпарат соғыс үшін сылтау ойлап табудың қастандығын көрсетеді»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Дональд Трамп АҚШ-тағы коронавируспен күресудін орынына миллиардтаған долларды аймаққа В52 бомбалаушылары мен флотын аймаққа жіберуге жұмсауда»,- деп жазды. Соңғы күндері ақпарат құралдар АҚШ ядролық кемесінің Парсы шығанағына енгені және америкалық екі В52 бомбалаушы ұшақтарын Қатардың әл-Адид базасында орналасып, Парсы шығанағының үстінен ұшқандары тураы хабарлады. АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағындағы қазіргі қозғалыстары туралы әртүрлі көзқарастар бар, олардың кейбіреулері оларды әскери емес, саяси және қорғаныс күштері деп санайды. Бұл арада АҚШ-тың CNN сияқты дереккөздері Трамптың Ақ үйдегі биілігінің соңғы күндеріндегі шешімдері туралы ескертті. Қазіргі заманғы тарих Иранның ешқандай соғыс бастамағанын, бірақ өз халқын, қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін кез-келген шабуылдан батыл қорғайтынын көрсетеді. Ирактың Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы соғысының сегіз жылдық тәжірибесі басқалар үшін Иранның кез-келген агрессияға қатаң жауап қайтаратынын көрсеткен сабақ болды. Кейбіреулер Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысы сардар Қасем Солейманиге жасалған қастандықтың жылдығы қарсанындағы АҚШ-тың Парсы шығанағы мен Ирактағы қозғалыстарын қорғаныс мақсатта және американдықтар Иранның қастандыққа жауаб қайтаруына алаңдауда. ИИР жоғары лауазымды басшылары сан рет сардар Қасем Солеймани үшін АҚШ-тан кек алатындарын қуаттады. Басқа сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағындағы әскери әрекетінің саяси мәні бар және Дональд Трамптың американдық қоғамдағы саяси жеңілуінің нәтижесі, сондай-ақ АҚШ-тың келесі президентіне қиын жағдайлар жасауға тырысады.