Хатибзаде: Корея кемесінің тоқтатылу себебі техникалық болды
(last modified Tue, 05 Jan 2021 10:06:21 GMT )
Қаң 05, 2021 16:06 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз өкілі Оңтүстік Корея кемесінің Парсы шығанағындағы тоқтатылу себебінің техникалық болғанын мәлімдеді.

 

Дүйсенбі күні Парсы шығанағы суларындағы мұнай ластығына байланысты Оңтүстік Кореяның кемесі Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерімен тоқтатылды. Саид Хатибзаде журналистердің кореялық кеменің тоқтатылуы туралы сұраққа берген жауабында кеменің теңізді ластағаны үшін сот шешімімен жағаға шығарылғанына тоқталып: «ИИР басқа елдер сынды ұқсас мәселелерге, әсіресе теңіздің қоршаған ортасының ластануына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан заңдарға сәйкес әрекеттенеді»,- деді.