Хатибзаде: Иран банкротқа ұшыраған елдердің жалған қысымдарының тұтқыны болмайды
(last modified Mon, 11 Jan 2021 11:00:38 GMT )
Қаң 11, 2021 17:00 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран жауапкершілікті сезінетін ел ретінде тәуелсіз техникалық аяда украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына жауап береді, алайда банкротқа ұшыраған елдердің жалған қысымдарының тұтқыны болмайды»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күнгі апталық баспасөз конференциясында украиналық ұшақ апаты туралы: «Апатқа жауапты адамдардың сот ісі барлық ережелерге сәйкес байсалдылықпен жалғасуда»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропа үштігінің Иран үкіметінің уранды 20 пайызға байытуына қатысты мәлімдемесіне тоқталып: «Бұл елдер өз міндеттемелерін орындамағаны былай тұрсын, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуда АҚШ-тың қылмысына ортақтасты»,-деді.  

Хатибзаде Iran Press тілшісінің корейлік делегацияның Теһранға сапары туралы сұрағына жауабында: «Бұл сапар Сеулдің Теһранға қарызы жайлы сұхбаттасу үшін орын алды. Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған қаражаты тез арада қайтарылуы тиіс»,-деді.