Иран армиясының «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуында қанатты зымырандар атылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i49709-Иран_армиясының_Теңіз_айбыны_99_атты_әскери_жаттығуында_қанатты_зымырандар_атылды
ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуының қорытынды кезеңінде осы күштің бөлімшелері қанатты теңіз зымырандарын белгіленген нысағана атып, дөп тигізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 14, 2021 18:19 Asia/Almaty

ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуының қорытынды кезеңінде осы күштің бөлімшелері қанатты теңіз зымырандарын белгіленген нысағана атып, дөп тигізді.

ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуының ақпарат өкілі бүгінде Иранның қанатты теңіз зымырандарын жасау саласында жоғары қабілетке ие екенін айтып: «Дұшпандар ИИР-ның теңіз шекараларына қол сұққан жағдайда жағадан және теңізден қанатты зымырандармен атқыланатынын білуі тиіс»,-деді.

Сәрсенбі күні Макран жағалауы мен Үнді мұхитының солтүстігінде ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуы басталды.