Иранның коронавирусқа қарсы жаңа құрамды алғашқы вакцинасы клиникалық сынақтан өтуге рұқсат алды
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық зерттеулерде ақлақтық нормаларды сақтау комитетінің хатшысы: «Иранның коронавирусқа қарсы жаңа құрамды алғашқы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің бірінші фазасы расталды»,-деді.
Шамси жуырда клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берілетінін айтып: «Бұл вакцина жаңа құрамды протеиннен тұрады. Ол осыған дейін рұқсат алған ирандық вакцинаға ұқсамайды»,-деді.
Шамси: «Екінші ирандық вакцинаның клиникалық сынағы Рази сарысу және вакцина жасау институты мен Иранның медицина университетінің әріптестігімен жүзеге асырылады»,-деді.
Ирандық мамандар жасаған «Coviran Barakat» атты алғашқы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін еріктілерге егудің бірінші фазасы 2020 жылы 29 желтоқсанда орындалды.