Зариф: Трамп кетті, біз және Парсы шығанағы аймағы елдері қалдық
Қаң 22, 2021 17:18 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Ислам республикасының аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Парсы шығанағы елдерімен келіссөздер жүргізуге дайын екенін қуаттады.
Зариф Иранның аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Парсы шығанағы елдерімен келіссөздер жүргізуге дайын екенін жариялап: «Иранның аймақтық қауіпсіздік бойынша диалогқа дайын болуы жаңа мәселе емес, бұл ИИР-ның ұзақ мерзімді саясаты»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі «Парсы шығанағы аймағының кейбір елдері үшін Трамптың төрт жылдың саясатының елдер арасын жіктеу болғаны анықталған болар» деп: «Бұл мемлекеттер 4 жылын босқа кетірді. Осы кезде Трамп кетті, ал біз бен Парсы шығанағы аймағы елдері қалдық»,- деді.
Тегтер