Жақында Иранда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады
Иранның Денсаулық сақтау министрі: "Жақында Иранда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады",-деді.
Саид Намаки жексенбі күні коронавирусқа қарсы ирандық вакцина дайындау үшін жасалған талпыныстарға тоқталып: "Елге вакцина импорттау жуырда басталады. Шетелден вакцина әкелінгеннен кейін қатерге ұшыраған аса сезімтал топтарға екпе сала бастаймыз",-деді.
Сондай-ақ, Хазірет Имамның (р.) бұйрықтарын орындау штабының баспасөз қызметінің басшысы Ходжатулла Ники Малеки: "Ирандық вакцина салынған 21 еріктінің денсаулық жағдайын тексергеннен кейін тағы 14 еріктіге екпе салуға рұқсат берілді",-деді.
Ирандық ғалымдар жасаған "Coviran Barakat|" атты алғашқы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін ерікті адамдарға егудің бірінші кезеңі 2020 жылы 29 желтоқсанда басталды.