Рухани: Иран халқының қарсыласуы дұшпандардың сәтсіздігіне себеп болды
(last modified Sat, 20 Mar 2021 14:23:09 GMT )
Нау 20, 2021 20:23 Asia/Almaty

ИИР Президенті өзінің Наурыз жолдауында Иран халқының қарсыласуының дұшпандардың сәтсіздігіне себеп болғанын қуаттады.

 

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Хасан Рухани 1400 жылдың басталуына арналған Науруз жолдауында Жаңа жылдың келуімен құттықтап, Иран халқына қарсы қатыгез экономикалық соғысқа тоқталып: «Иран халқы коронавирусқа қарсы күресу үшін әдеттегі жаһандық көмектен айырылуымен бірге шетелдік банктердегі өз байлығына да қол жеткізе алмады. Бұл қиын және суық мезгіл, сондай-ақ бірнеше майдандағы бір мезгілдегі күрес Иран халқының табандылығының арқасында Иран тарихының жарқын және даңқты кезеңіне айналды. Бүгін ел дұшпандары күш, қоқан-лоққы мен санкциялар арқылы   Иранның ұлы халқымен сөйлесуге болмайтынын мойындады. Сондықтан, үш жылдық сәтсіздіктен кейін олар Иран халқымен сындарлы өзара әрекеттесу жолына қайта оралуға мәжбүр. Халықаралық саясат саласында біз құнды саяси капиталды жинадық, оның нәтижесі БҰҰ-да, Қауіпсіздік Кеңесінде және Гаага сотындағы кезекті жеңістер болды. Бүгін біз әлеммен кең, терең, стратегиялық қарым-қатынас жасаймыз, ал біздің дұшпандарымыз бізге қарсы ұстанымдарында оқшауланған және дәрменсіз»,- деді. Рухани сонымен бірге Иран халқының 1400 жылғы президенттік сайлауға ынта-ықыласпен қатысуын қуаттап: «Иран халқы жаппай қатысатын  сайлау он бесінші ғасырдың бірінші онжылдығында Иран халқының тілектерін жүзеге асырудың нақты алғышарты болады»,- деп сөзін жалғады.

 

 

Тегтер