Харрази: Иран-Қытай ынтымақтастық келісімі – екі ел әріптестігін басқарудың жол картасы
Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы: «Иран-Қытай ынтымақтастық келісімі – алдағы жылдарда екі елдің әртүрлі салалардағы әріптестігін басқаруға мүмкіндік беретін жол картасы»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, сейіт Камал Харрази ИИР мен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасы құжатына қол қойылғанына тоқталып: «Бұл құжат – екі елдің саяси-экономикалық, мәдени-стратегиялық салалардағы ұзақ мерзімді әріптестігінің жоспары»,-деді.
Харрази ИИР мен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасы құжатының толық нұсқасының жарияланбағаны туралы: «Стратегиялық ынтымақтастық құжаттары елдердің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Мұндай құжаттарды жарияламау – дүниежүзілік практикада бар нәрсе»,-деді.
«25 жылдық бағдарлама» деп аталатын Иран мен Қытайдың жан-жақты ынтымақтастық келісіміне екі елдің Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Ван И қол қойды.