Рухани: Сионистік режим аймақ үшін қауіпті
(last modified Wed, 14 Apr 2021 08:19:37 GMT )
Сәу 14, 2021 14:19 Asia/Almaty
  • Рухани: Сионистік режим аймақ үшін қауіпті

ИИР Президенті телефон арқылы Катар Әмірімен сөйлесуінде сионистік режимнің аймақ үшін қауіпті екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани телефон арқылы Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Санимен сөйлесуінде аймақтық мәселелер мен дағдарыстарды, соның ішінде Йемендегі дағдарысты келіссөздер арқылы шешу қажеттілігіне баса назар аударып, сионистік режимнің аймақ үшін қауіпті екенін мәлімдеді. Рухани Катар Әмірімен сөйлесуінде қасиетті Рамазан айының келуімен бұл елдің үкіметі мен халқын құттықтап, Теһран-Доха қатынастарын барлық, әсіресе сауда-экономикалық салаларда дамыту мен тереңдетуді қуаттады.

Катар Әмірі де қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтай отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен тереңдеуіне тоқталып: «Иран мен Катар қарым-қатынасты дамыту үшін барлық мүмкіндіктерін пайдалануы керек»,- деді.

 

Тегтер