Рухани: Коронавирусқа қарсы вакцинация Иран үкіметінің күн тәртібінің басты мәселесі болып табылады
Сәу 20, 2021 16:43 Asia/Almaty
Иран Президенті: «Адамдардың денсаулығын қорғау үшін кең ауқымды вакцинация жүргізу үкіметтің барлық бағдарламалары мен іс-шараларының басты мәселесі болып табылады»,- деді.
Рухани: «Өткен үш жылда Иранның дұшпандары экономикалық соғыс арқылы елді аштыққа тіреуге талпынды. Үкімет елді тауарлармен жеткілікті қамтамасыз ету арқылы жауларға бұл талабын орындауға жол бермеді»,- деп сөзін жалғады.