Maм 03, 2021 16:43 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөз сөйлейді

Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесі басшысының орынбасары Ислам революциясы жетекшісінің Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөз сөйлейтінін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Носратулла Лотфи дүйсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күнін атап өтуге қатысты баспасөз отырысында: "Ислам революциясының жетекшісі жұма күні сағат 11:00-де Иран мен әлем халықтарына сөз сөйлейтін болады",-деді.

Рамазан айының соңғы жұмасы ИИР-дің негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) бастамасымен Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды.

2021 жылы 7 мамырда, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1442 жылы 24 рамазанда Дүниежүзілік Құдс күні болады.

Тегтер