Maм 06, 2021 14:32 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күніне арналған бағдарламалар

Рамазан айының соңғы жұмасы Дүниежүзілік Құдс күніне орай бүгін Иранда палестинаның қарсыласу қозғалысы өкілдерінің қатысуымен «Құдстың азат етілуіне жақын қалды!» атты сараптамалық отырыс өтеді.

Биыл коронавирустың таралуына байланысты Иранда Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеру ұйымдастырылмайды. Ислам революциясы жетекшісінің теледидардан сөйлеуі осы күннің ең маңызды бағдарламасы болады. Жетекшінің сөзі отандық және халықаралық арналарда таратылатын болады. Онлайн жиналыстар, виртуалды кеңістікте түрлі контенттер жариялау, Палестина туын желбірету және сионистік режимнің туын өртеу Дүниежүзілік Құдс күні атқарылатын бағдарламалардың қатарына жатады. «Әйелдер және Қасиетті Құдс» атты алғашқы халықаралық форум да бүгін Теһранда онлайн форматта өтеді.

Тегтер