Maм 08, 2021 21:45 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Палестинаның келешегі тұрақты қарсылық пен халықтың қолдауына байланысты

Ислам революциясы жетекшісі сионистердің басып алынған Палестина жерін бірінші күннен бастап терроризмнің ошағына айналдырғанын қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған баяндамасында: «Израиль бір мемлекет емес, Палестина халқы мен барша мұсылман халықтарына қарсы лаңкестік базасы болып табылады. Бұл залым режиммен күресу – зұлымдық және лаңкестікпен күресу. Бұл – баршаның міндеті»,-  деді. Ислам революциясы жетекшісі бұл сөзінде былай деді: «Екі маңызды фактор болашақты айқындайды: біріншісі әрі маңыздысы – басып алынған Палестина жерлерінде қарсыласуды жалғастыру және джиһад пен шаһадат рухын нығайту.  Екіншісі – дүние жүзі мұсылмандары мен әлем елдерінің палестиналық күрескерлерді қолдауы». Иран палестиналықтардың құқыларының маңызды қолдаушысы ретінде қырық жылдан астам уақытта Ислам әлемінің ең маңызды мәселесін, яғни Палестина мен Құдс тақырыбына табанды болды. Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айнының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялау туралы бастамасы ислам үмбетінің ортақ мәселесінің ұмытылмауының негізі болып табылады. Саяси және рухани қолдаумен қатар, Израиль режимінің террористік болмысына байланысты Палестина қарсылығын материалдық қолдау үммет пен ислам елдерінің қоғамдық міндеті болып табылады. Палестина топтарының қарсыласуы мен күшеюі  жаулап алынған жерлердің ішіндегі және сыртындағы террористік әрекеттерге қарсы жалғыз стратегиялық және тиімді нәрсе болып табылады. Адамдардың, әсіресе палестиналық жастардың  сионистік әскерилердің қолынан күнделікті шәһид болуы және жаралануы, сонымен қатар әртүрлі американдық-ивриттік қастандықтар, соның ішінде «Ғасыр мәмілесі» келісімі Палестинаның қарсылығын жоя алмады. Осыған орай, Израиль бүгін өзінің өмірінің  әсіресе қауіпсіздік тұрғысынан ең жаман кезеңді бастан кешуде. Израильдің Димона нысанына жақын жердегі зымырандық шабуыл, бұл режимнің бірнеше маңызды орталықтарды нысанаға алу және палестиналық жастардың әл-Ақса мешітіндегі сионистік содырларға қарсы тұруы саяси және әскери теңгерімді палестиналық жастардың мүддесіне өзгертті. Мұндай жағдайда Палестинаны нақты және тиімді қолдау бүкіл мұсылман үмбетінің міндеті болып табылады. Палестина халқының қарсыласуының 70 жылдық тарихы тас интифазасынан осы күнге дейін Палестина тақырыбын ұмыттырмай ұстап,   қазір Палестина жиһадының ішкі күші жүздеген есе өсті. Израиль лаңкестік режиміді шайқаған  Палестина жастарының Интифададан бастап  зымыранға дейін жеткен жетістіктерін ескере отырып, Ислам революциясы жетекшісі Израиль террористік режимінің құлдырауның басталғанына және бұл үдерістің тоқтамауына назар аудартты.

 

 

 

Тегтер