Maм 16, 2021 17:02 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның әлемдік саудада абыройлы орынға ие болуы қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті Иранның әлемдік саудада сәтті де абыройлы жұмыс жасауы қажеттігін қуаттады.

Рухани Иран үкіметінің экономикалық үйлестіру штабының жиналысында: «Әлемдік саудада сәтті әрекет етіп, экспортқа жол ашу үшін аймақтық және жаһандық ұйымдар мен халықаралық сауда заңдарына сай жағдай жасау керек»,-деді.

Иран Президенті елде еркін экономикалық аймақтарды басқару жайлы: «Бұл аймақтардың экономикасы шетелдік мүмкіндіктер мен әлеуеттерден мақрұм қалмауы үшін сыртқы саясатта ірі кедергілерді жоюға жағдай жасау керек»,-деді.

Сонымен қатар Рухани: «Еркін экономикалық аймақтарды дамыту үшін жеке секторды экономикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, олардың жұмысын ынтыланадыру керек»,-деді.

Тегтер