Иран Ислам Кеңес Мәжілісі Каспий теңізінің қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
(last modified Wed, 26 May 2021 05:23:25 GMT )
Maм 26, 2021 11:23 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңес Мәжілісі Каспий теңізінің қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Иран Ислам Кеңес Мәжілісінің өкілдері төрт мемлекетпен Каспий теңізінің қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

 

IRNA-ның хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің мүшелері сейсенбі күні Иранның Каспий теңізінің қауіпсіздігі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Түрікменстанмен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Ислам кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында Каспий теңізіндегі қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қоса берілген Каспий теңізіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы хаттама жобасы бойынша сот-құқықтық комиссиясының есебі қаралды және 184 дауыспен мақұлданды.