Рухани: Елдің дамуы жалғаса береді
(last modified Thu, 27 May 2021 11:14:38 GMT )
Maм 27, 2021 17:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Елдің дамуы жалғаса береді

ИИР Президенті елдің даму жолының жалғаса беру қажеттігін қуаттады.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігінің ұлттық жобаларын ашу рәсімінде: «Келесі үкімет те апта сайынғы ұлттық жобаларды ашу бағдарламасын жалғастыра алады. Елдің даму үдерісі жалғасуы тиіс»,-деді.  

Рухани: «Осы үкіметтің заңды талпыныстарының арқасында жылдар бойы бөгде елдерде болған Иранның 2723 тарихи жәдігері қайтарылды»,-деді.

Рухани: «Санкцияларды жою оларды қалайша жою туралы толық келісімге келген соң жүзеге асырылады. Коронавирусты ауыздықтап, санкциялар жойылғаннан кейін Иран халқына өте жақсы жағдай қалыптасады деп үміттенемін»,-деді.