Маусым 02, 2021 19:12 Asia/Almaty

ИИР-ның Президенті сайлау жәшігін Ислам революциясының маңызды нәтижесі және жетістігі екенін қуаттады.

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша,  Хасан Рухани сәрсенбі күні: «Имам Хомейнидің  елді басқару үшін берген шешімі сайлау және халық болды,  «сайлау нәтижесін анықтайтын халық» - ИИР-ның  негізін қалаушының басты ұраны болды. Күн өткен сайын біз имам Хомейни мен оның мұраттарына жақындай түсуіміз керек. Біз әлемге және АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен басқалардың белдерін сындырған экономикалық жоспарларды іске асырдық. Осындай қысымға қарамастан, біз бір күнде он мыңдаған миллиард туман тұратын жобаны аштық»,- деді.

 

Тегтер