Жуырда Иранда 18 жасқа дейінгілерге вакцина салу басталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i53088
COVIran Barakat вакцинасын зерттеуші: «Жуырда Иранда 18 жасқа дейінгілерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2021 18:18 Asia/Almaty
  • Жуырда Иранда 18 жасқа дейінгілерге вакцина салу басталады

COVIran Barakat вакцинасын зерттеуші: «Жуырда Иранда 18 жасқа дейінгілерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталады»,-деді.

Мину Мохраз сайыстар мен діни рәсімдер сияқты ұжымдық шаралар өткізе бастау үшін халықтың басым бөлігі вакцинациялануы қажеттігін айтып: «COVIran Barakat вакцинасында шын мәнінде айтарлықтай жанама әсер жоқ. Тиімділігі жоғары. Біз вакцинаны жаппай салуға жедел түрде рұқсат берілуін күтіп отырмыз»,-деді.

Мину Мохраз мектептер мен университеттер жақында ашылатынына тоқталып: «Оқу орындарын ашу үшін оқушылар, студенттер мен ұстаздар вакцинациялануы керек»,-деді.

Ирандық зерттеушілер жасап шығарған COVIran Barakat вакцинасының алғашқы клиникалық сынағы 2020 жылы 29 желтоқсанда басталды.