Рухани: Иранның мұнай-химия өнімдерін сату мүмкіндігі екі есеге артты
Маусым 09, 2021 18:10 Asia/Almaty
ИИР Президенті Иранның мұнай-химия өнімдерінің сату қабілетінің екі есеге артқанын мәлімдеді.
Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында: «Мұнай-химия өнімдерінің сату қабілеті бүгін шамамен 22 миллиард долларға жетті. Біз күнделікті 56 миллион литр бензин өндірісін 107 миллион литрге, ал дизель өндірісін 97 миллион литрден 137 миллион литрге арттырдық. Алда халықтың жаппай қатысуымен жақсы сайлаудың өтуіне, халықтың сайлау учаскелеріне аман-есен барып, 11-ші және 12-ші үкіметтен гөрі күшті үкімет құрып, оны бүкіл халық пайдалануына үміттенемін»,- деді.