Рухани: Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы даму үстінде
(last modified Thu, 10 Jun 2021 11:15:12 GMT )
Маусым 10, 2021 17:15 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы даму үстінде

Иран Президенті Теһран мен Мәскеудің түрлі салаладағы қарым-қатынасының жақсы дамығанын айтып, Ресей үкіметі мен президентінің әріптестігіне алғыс айтты.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні 71-ші ұлттық жобаларды ашу рәсімінде: «Иран мен Ресей арасында өте жақын байланыс қалыптасқан. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Ресеймен үнемі жақсы қарым-қатынаста болдық. Соңғы 8 жылда түрлі салалардағы әріптестігіміз одан ары дами түсті»,-деді.

Рухани: «Каспий теңізі мен оның құқықтық мәртебесіне қатысты дос елдермен, соның ішінде Ресеймен маңызды қадамдар жасадық»,-деп еске салды.

Иран Президенті Ресейдің әріптестігімен екі атом стансасы салынып жатқанын айтып: «Ресеймен әскери салада, әсіресе қорғаныс саласында жақсы әріптестік жасап келеміз. Ресейдің С-300 қорғаныс кешені келгелі бері осы саладағы байланыс кеңейе түсті»,-деді.