Маусым 15, 2021 16:37 Asia/Almaty
  • Рухани: Санкциялар мен экономикалық соғыс адамзатқа қарсы үнсіз қылмыс деп танылуы керек

ИИР-ның Президенті санкциялар мен экономикалық соғыстың адамзатқа қарсы үнсіз қылмыс ретінде танылып, тіркелуі қажеттілігін қуаттады.

 

 

Рухани сейсенбі күні үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының отырысында: «Трамп үкіметінің Иран халқына қарсы адамгершілікке жатпайтын қылмыстарын бүкіл әлем білуі үшін экономикалық соғыс  пен бұрын-соңды болмаған санкциялар салу туралы қылмыстық құжатты жариялау қажет»,- деді. Рухани экономикалық соғыстың салдары мен оның елдің экономикалық дамуына және адамдардың өмірі мен тіршілігіне тигізген әсеріне тоқталып: «Адамзатқа қарсы қылмыс қоғамдық санада соғыс пен әскери қақтығыстарға теңеледі, сондықтан санкциялар мен экономикалық соғыс адамзатқа қарсы жасалған үнсіз қылмыс ретінде танылып, тіркелуі керек. Иран осы адамгершілікке жатпайтын әрекеттің құрбаны ретінде әлемге санкция салушылардың құжатын ұсынады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер