Иран халқы тағы бір сайлаудың алдында тұр
(last modified Wed, 16 Jun 2021 12:36:18 GMT )
Маусым 16, 2021 18:36 Asia/Almaty
  • Иран халқы тағы бір сайлаудың алдында тұр

Иран үлкен сайлау қарсаңында. Сайлау әрқашан өзінің шарықтау және құлдыраулармен қоғамның үміті мен алға ұмтылуына себеп болатын өзгерістер әкеледі.

13-ші президенттік сайлауда қатысуға расталған 7 үміткер барлық пікірталастар мен сын-пікірлерге және дебаттардағы қайшылықтарына қарамастан,  бір мәселе бойынша ортақ ойлары бар екенін көрсетті. Әр үміткердің бағдарламасында, егер ол сайлауда жеңіске жетсе, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану тәсілдемені өзгерту қарастырылды. Осыған байланысты, үміткерлермен  проблемаларын азайту және экономиканың күшті жақтарын шешу, аймақтық және халықаралық ареналарда ұлттық абыройды қорғау бағдарлама ұсынылды.; Алайда, сайлау екі жақты қозғалыс. Оның бір жағында үміткерлер болса,   екінші жағында - сайлау құқығының иелері, олар шын мәнінде демократиялық жүйенің негізгі негізі болып табылады.  Бұл тұрғыдан алғанда,  сайлауға қатысатын кез-келген үміткер көпшілік дауысқа ие болуға талпынуы керек. Бұл байқауда жеңіске жету оңай емес.  Үміткерлердің жоспарлары мен бағдарламалары халықтың тұрмысы, экономика, жұмыс орыны мен баспанамен қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қоғамдағы кемсітушілікті жоюды қарастарды. Олардың арасындағы айырмашылық тек келесі үкіметтің жұмысын атқарушылары мен басшыларын таңдауда. Айтылған шарттар жиынтығын ескере отырып,   18 маусымда өтетін сайлау бір жағынан өзгерістің бастауы бола алады. Екінші жағынан, дауыс беруге қатысатындардың санының аз болуы мүмкін. Бұл екі жағдайдың әрқайсысының пайдасы мен зияны өте маңызды. Дауыс беруге халықтың жаппай қатысуы өте маңызды. Өйткені сайлауға қатысу - халықтың құқығы, және сайлау жәшігіне берілген кез-келген дауыстың бірінші нәтижесі -  күш-қуат пен ұлттық және діни бірлікті нығайту Бұл құқықты жете бағаламау елдің тағдыры мен саяси келешегіне немқұрайды қарауды білдіреді және келер жылдар бойына тұрақты жағымсыз әсерлері болады.