Рухани: Елдің экспортын 40 миллиард доллардан жоғары деңгейде сақтадық
(last modified Sun, 27 Jun 2021 10:13:14 GMT )
Маусым 27, 2021 16:13 Asia/Almaty
  • Рухани: Елдің экспортын 40 миллиард доллардан жоғары деңгейде сақтадық

ИИР Президенті елдің экспортының 40 миллиард доллардан жоғары деңгейде сақталғанын қуаттады.

Рухани үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының отырысында: «Қысымның ең ауыр жағдайында елдің экспорт көлемі 40 миллиард доллардан жоғары деңгейде сақталды және АҚШ-тың елдің валюталық түсіміне әсері залалсыздандырылды»,- деді.

Иран Президенті: «Осы жылдар ішінде біз облыстарға жасаған сапарларда Ислам революциясы жетекшісінің  қарсыласу экономикасы саясатын жүзеге асырудың нәтижесіне куә болдық. Оның арқасында ел   қысымға қарсы тұра алды. Соңғы 3 жылда барлық қысымдарға қарамастан, елдің облыстарында құрылыс қызметі тоқтаған жоқ. Басқа жағынан темір жол, автомобиль жолдары мен бөгеттер салаларындағы елдің инфрақұрылымдық инвестициялары артты. Сондай-ақ халықтың тұрғын үйге, газға, ғаламтор және ауруханаларға қол жетімділігі бұрын-соңды болмаған деңгейде өсті»,- деп мәлімдеді.