Рухани: 40 трлд тумандық жобаның іске қосылуы дұрыс жоспарлауды көрсетеді
ИИР Президенті 40 трлд тумандық жобаның іске қосылуы дұрыс жоспарлауды көрсететінін мәлімдеді.
IRNA-ның хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні Индустрия, кен және сауда министрлігінің ұлттық жоспарларын іске қосу рәсімінде: «Бір облыста құны 40 трлд туман жобаның ашылуы ұлттың қабілеттілігін, дұрыс басқаруды және үкіметтің біліктілігін көрсетеді. Бұл жобалардың іске қосылуы достарына ұлы Иран халқының өз дарындылығымен, білімге негізделген компанияларымен, халықтың қатысуымен және елдің барлық мүмкіндіктері мен маңызды технологияларын оңтайлы пайдаланумен өндірісті алға жылжытуға қабілетті екендігі және экономикалық соғыс кезінде өндіірсті алға ілгерлетіп, күн сайын және апта сайын маңызды жобаларды іске қосуларымыздың куәсі болуымыз туралы хабарлама жібереді»,- деді.