Рухани: Күн сайын 500000 адамға вакцина салуға дайынбыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i53852-Рухани_Күн_сайын_500000_адамға_вакцина_салуға_дайынбыз
ИИР Президенті күн сайын 500000 адамға вакцина егуге мүмкіндік бар екенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 10, 2021 15:26 Asia/Almaty

ИИР Президенті күн сайын 500000 адамға вакцина егуге мүмкіндік бар екенін қуаттады.

IRNA-ның хабарлауынша, Хасан Рухани бүгін, сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабтың отырысында халықтың шамамен 17 ай бойы қауіпті вируспен бетпе-бет келуіне тоқталып: «1400 жылы біз Иранға басқа елдерден енген қауіпті вирустармен бетпе-бет келдік. Иранға елдің батысынан, Ирактан ұлыбританиялық штамм және соңғы күндер мен айларда шығыс шекаралардан үнді штаммы енді. Коронавирус Иранның оңтүстік және шығыс облыстары және елдің ішіне қарай таралды»,- деді. Руханидің айтуынша, жабдықтар мен мүмкіндіктер, ерекше күтім және осыған дейін жинақталған тәжірибенің арқасында елдегі жағдай бұрынғыдан жақсырақ.