Рухани: Аймақтағы басты мәселе - кейбір елдер мен сионистік режимнің әскериленуі
(last modified Tue, 20 Jul 2021 12:06:34 GMT )
Шіл 20, 2021 18:06 Asia/Almaty
  • Рухани: Аймақтағы басты мәселе - кейбір елдер мен сионистік режимнің әскериленуі

ИИР Президенті аймақтың басты қиындығы кейбір елдер мен сионистік режимнің әскериленуі деп тапты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани дүйсенбі күні Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға бағытталған талпыныстарды Ислам Республикасының негізгі саясатының бірі бөлігі деп: «Кейбір елдер мен сионистік режимнің әскериленуі аймақтың басты проблемасы, сондықтан біз бұл аймақты милитаристік жағдайдан шығаруға талпынуымыз керек»,- деді.

Катар Әмірі екі ел арасындағы қарым-қатынасты өте достық және жақсы деп бағалап: «Біз аймақтық проблемалар мен қайшылықтардың  әскери шешімі жоқ деп санаймыз және проблемаларды шешудің ең жақсы жолы - диалог пен саяси жол»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер